Оңтүстік Қазақстанда шағын автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше 10 сағат 10 минутта Қызылорда-Шымкент тас жолында, Екпінді ауылының маңында "Опель" автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі ішінде 14 адам отырған "Форд" шағын автобусымен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан екі жүргізуші, "Опель" көлігінде отырған 18 жасар қыз бен аты-жөні әзірге белгісіз екі ер адам оқиға орнында жан тапсырды", - деп атап өткен баспасөз қызметі "Форд" шағын автобусында отырған 7 жолаушы, соның ішінде 6 және 1 жасар екі бала ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды.