Өрт шалған ғимараттың 1-ші және 2-ші қабатында жүзге тарта сауда нүктесі болған. Және 3-ші қабатта жергілікті «Елнұр ТВ» телеарнасы орналасқан. 3 сағаттан аса өртенген ғимараттан қазір қалғаны тек мынау ғана.
Сауда нысанында өрт қауіпсіздігі бұрыннан сақталмайды екен. Оған дәлел, ғимаратты қоршай салынған түрлі дүкендер. Таңғы сағат 5-тен өте даладағы ұялы телефон сататын дүңгіршектен от шықан. Тілсіз жау тез жанғыш алюкобонд материалымен қапталған ғимаратқа тиіп, бірден лаулапты.
Арзымет Махмұтов, сауда орнының күзетшісі:
- Мен орт сөндірушілерді шақырғанға дейін мынау жанып, екінші қабатқа ұра берді отты.
Осы нысанның үшінші қабатында отырып, 13 жылдан бері ауданға хабар таратып келген арна бүгін жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. «Елнұр ТВ»-дан қалғаны мына жартылай күйген заттар ғана.
Телеарнадан бөлек, ғимараттың ішіндегі 43 киім сататын бутик пен 40-қа жуық өзге сауда орыны толықтай тауарымен бірге отқа өртеніп кетті.
Зара Бектемірова, сатушы:
- 3 миллионнан астам тауарым бар ішінде. Енді сыртына бәріне қойып тастаған ғой. Осы басшылардың өздері кінәлі. Басшылардың кінәсі. Тауып берсін тауарымыздың бәрін.
Саудагерлер мен телеарна ұжымы өтемақысыз қалатын түрі бар. Өртенген ғимаратқа кешігіп жеткен сауда орнының басшысы жақын арада орын тауып беруге барымды саламын дейді. Ал, шығынды арендаторлардың өздері көтеруі керек екен.
Яша Чилингаров, өртенген ғимараттың қожайыны:
- Қалтамда қаржым жоқ енді. Бірақ, соны ойлаймыз, шешеміз ғой сол мәселені. Осылай тастап кетпейміз ғой. Несиеаламыз, достарым бар солар көмектеседі.
Қазір, нысандағы өрт қауіпсіздігіне жауаптылардан түсініктеме алынып жатыр. Ал, жергілікті «Елнұр»телеарнасы таяу күндері қайта хабар таратамыз деп сендіреді.