Оңтүстік Қазақстандық дихандар сафлор оруға кірісті

Облыста қазіргі жағдаймен сафлор егілген 10 мың гектар алқаптан түсім жиналды. Бұл дақыл барлығы 62,9 мың гектарға егілген. Әзірге орташа өнімділік бір гектардан 5 центнерді құрап отыр. Бұл гектарынан 7 центнерден жиналған былтырғы көрсеткіштен төмен, бірақ республиканың оңтүстік өңірі үшін аталмыш дақыл бойынша орташа өнімділік көрсеткіші болып саналады.

Қ.Оспанбековтың айтуынша, ауылшаруашылығының тауар өндірушілері түсімнің төмендігіне қарамастан пайда табады. Бәрі дақылдың биылғы бағасына байланысты, дейді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысында сафлордың бағасы бір келісі үшін 10-20 теңге аралығында ауытқиды. Ал баға 18-20 теңге болған жағдайда, бір гектардан 5 центнер түсім жиналса да, дақылды өсіру экономикалық тұрғыдан пайдалы болмақ.