"Жуырда біз Қырғыз энергетиктерімен 200 млн киловатт электр қуатын алу жөнінде шарт жасастық. Бірақ онда әзірге баға көрсетілмеген, сол себепті біз қазіргі бағаға қырғыз электр қуатын ала алмаймыз. Біз алдымен тарифті көтеруге рұқсат алуымыз керек", - деді О. Чернов.
Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының энергетикамен қамтамасыз етуші компаниялары "Оңтүстік жарық" ЖШС мен "Энергопоток" ЖШС тарифтерді 2008 жылдың 10 шілдесінен бастап ҚҚС қоса есептегенде 7 теңге 73 тиыннан 10 теңге 55 тиынға дейін көтеруге өтініш берді.
"Бізде бұдан басқа жол жоқ, өйткені, қырғыз энергетиктері бір киловатт/сағ электр қуатын шекарада 6,5 центке, яғни, былтырғыдан үш есе қымбатқа сатуда", -деді О. Чернов.