Германияның Штутгарт қаласына апарып сатуда. Немістердің Жетісай өніміне үйренгені соншалық, бір автокөлік қауын бір күнде сатылатын деңгейге жетіпті, деп жазады 31.kz.
Оңтүстіктен Германияға көшіп барған азаматтар арқылы олармен алғаш іскерлік байланыс орнатқан Артық шаруа қожалығы өсірген Мырзашөл қауындарын сонда апарып ұсынған екен. Тіл үйірер тәтті қауындарды немістер қатты ұнатып қалып, бұл күндері аталмыш өнімге деген сұранысты да арттыра түскенге ұқсайды.
«Бірінші Германияға шығарғанда көп апара алмадық, аз апардық. Ал енді қазір үйреніп алды Германия да. Бұрынғыдай 5-6 машина емес, қазір 20-30 машина алып жатыр», - деді Мақтарал ауданы «Қаршыға» шаруа қожалығы жетекшісі Артық Ақтөреев.
1996 жылдан бері қауын өсіріп келе жатқан шаруашылық Германияның Штутгарт қаласындағы «Луганово» фирмасымен келісімге отырған. Мұздатқышы бар заманауи шетел көліктерін 5 мың еуроға жалдап апарған Мырзашөл қауынын немістер келісін 1 еуродан сатып алуда. Дүкендеріндегі сатылу бағасы 1.79 еуро екен.
Осылайша, ел ішінде «Торпедо» атанып кеткен Мырзашөл қауындары батыс Еуропаға да жол тартты.