Тонаушылық жасап, адам өлтіргендері үшін біреуі 19 жылға сотталды, екеуі 20 жылдан бас бостандығынан айырылды, делінген облыстық соттан таралған хабарламада.
Істің материалдарына қарағанда, сотталғандар Сарыағаш қаласында валюта айырбастаумен айналысатын кәсіпкерді тонап, оған от атып жарақаттаған. Алынған жарақат салдарынан ер адам сол орында қаза болған. Тонаушылар 8,4 млн теңгені алып қашып кеткен.