Оңтүстік Қазақтан облыстық полициясы жыл басынан бері 150 килограмм есірткі, соның ішінде 60 килограмм героин тәркіледі

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары заңсыз есірткі айналымына қатысты 275 қылмыстың бетін ашты. Ал былтырғы осы мерзімде бұл көрсеткіш 311 болған. Мәселен, есірткі саудасына қатысты 100 деректің (2004-жылы 90) беті ашылып, есірткі сатумен тұрақты шұғылданатын 22 нүкте мен 5 притон әшкереленді. Ал былтыр 23 осындай нүкте мен 3 притон табылған. Есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысты 10 деректің (2004- жылы 9) беті ашылды.

Есірткіге қатысты қылмыстары үшін 241 азамат, соның ішінде 7 шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.