"6-қаңтардағы жағдаймен еліміздің үш азаматы хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Жойқын цунами алдында Таиландға аттанған 8 адам әлі де іздестірілуде. Олардың туған-тусқандары 28-30-желтоқсан аралығында шұғыл телефон желісі арқылы хабарласты",- дейді ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, апаттан кейін Таиланд еліне жол тартқан 12 адам да іздестіріліп жатыр.
ҚР СІМ-нің шұғыл телефон желісінің арқасында 28-желтоқсан мен 6-қаңтар аралығында 10 адам табылды. Астанадағы 32-75-46 шұғыл телефон желісі тәулік бойы жұмыс істеуде.
"Қазақстан табиғат апатынан зардап шеккен елдерге жәрдемдесуді одан әрі жалғастырады. Мұндай көмек ЮНИСЕФ желісімен де көрсетіледі",- дейді баспасөз қызметі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қайырымдылық көмектің алғашқы партиясын Қазақстан 2-қаңтарда Шри-Ланка еліне жөнелтті.