Оңтүстік және Солтүстік Корея ортақ хоккей командасын құрды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келісімді Халықаралық олимпиада комитеті мақұлдауы қажет. Шешім алдағы демалыста шығуы мүмкін. Бұдан бұрын Солтүстік Корея Олимпиадаға 140 адамнан тұратын оркестр жіберетінін мәлімдеген. Оркестр Сеул мен Ганьнун қалаларында өнер көрсетпек. Бұл жайында екі ел шекарадағы Пханмунджом елді мекеніндегі келіссөзде мәміле жасаған.

Қаңтардың 9-ында Сеул мен Пхеньян өкілдері Пханмунджом елдімекенінде келіссөз өткізген. Жиында Солтүстік Корея ақпанда өтетін олимпиадаға спортшыларын, жанкүйерлері мен жоғары лауазымды шенеуніктерін жіберетінін мәлімдеген.