Бүгін Шымкентте өткен қоғамдық тыңдауда Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бас маманы Бақтияр Шардарбек монополияға қарсы күрес мекемесі энергетиктердің тарифті көтеру туралы өтініштерін солтүстік электр қуаты квотасының азаюына және Жамбыл ГРЭС-інің электр қуаты бағасының жоғары болуына байланысты қанағаттандыруға дайын екендігін хабарлады. "Оңтүстік жарық" ЖШС тарифті Қосалқы құн салығын қоса есептегенде бір кВт-на 5,8 теңгеден 7,79 теңгеге көтеруге өтініш білдірді. Осы жағдайда, халық үшін баға 30 пайызға көтерілмек",- деп хабардар етті Б. Шардарбек.
Тыңдауға қатысып отырған депутаттар мен қоғам өкілдері электр қуатының бағасын көтеру туралы ұсынысқа қарсы шықты. "Бағаны көтеруге болмайды. Жамбыл ГРЭС-і үш-төрт айда іске қосылады, және де оған дотация әйтеуір бір төленетіндіктен бағаны көтеру қисынсыз", - деді "Қуат орталығы - 3" АҚ бас директорының орынбасары Шәріп Аханбаев. "Сіздер бір жыл бойы Шардаралы Су электр станциясынан, бізден (ТЭЦ-3), солтүстік қуат көздерінен, Қырғызстанан арзан электр қуатын аласыздар да 5,8 теңгеден сатасыздар. Сіздерге жақсы кіріс кіріп отыр. Сіздер өздеріңіз үйреніп қалған пайда көлемінде ғана шығынға батқалы отырсыздар"- деді ол "Оңтүстік жарық" ЖШС басшысына.
Депутаттар бұл пікірді құптады. Сонымен қатар, "Оңтүстік жарық" ЖШС-ын муниципалдық меншікке қайтару туралы ұсыныстар айтылды. "Бұл ұйым мемлекеттің иелігінде болған кезде электр қуатының бағасы 4 теңгеден сәл ғана артық болатын. Біз 3-ші Жылу электр орталығына қатысты бұрын да осындай келеңсіз жайтқа ұшырадық емеспе. Басқаруға беріп алып, оны артынан миллиондаған қарызымен қайтарып алғанымыз бар. Бұл жағдай насырға шаппай тұрғанда, электр қуаты қамтамасыздығын мемлекет қолына қайтару керек", - деді депутаттардың бірі.
"Оңтүстік жарық" ЖШС "Қазақстан коммуналдық жүйесі" АҚ меншігінде және де Оңтүстік Қазақстан облысының тұтынушыларына электр қуатын жеткізуші болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті