«Оңтүстік-Батыс» жобасына заем алу туралы келісімшартына қосымша келісімді ратификациялау жөніндегі» заң жобасы мақұлданды

Парламент тарапынан толық қабылданған құжат елбасының қол қоюына беріледі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, «Қосымша келісім бойынша, банк қолданыстағы заем келісімшартынан үнемделген 54,5 млн долларды Қазақстанға 19 жылға несиеге береді».

Бұл қаражат жолдың 62 шақырымын қайта қалпына келтіруге жұмсалмақ. Аталған учаске бірінші техникалық санатқа енгізіліп, бетіне цемент-бетон төселеді және төрт жолақты жолға айналады.

«Бұл учаске Өзбекстанмен шекарадағы «Жібек жол» шекара бекеті мен Шымкент-Ташкент тас жолының 742-ші шақырымы аралығында орналасқан», - делінген хабарламада.


ЕҚДБ несиесі 19 жылға, айлық LIBOR+1% мөлшерлемесімен беріледі. Заем 4 жыл жеңілдікпен төленеді.