Оңтүстіккореялық компания ОҚО-да жеңіл рельсті көлік жасауға ниетті


Асылбек Баймырзаев, Шымкент каласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Шымкент қаласында қоғамдық көлікте қызмет атқаратын 27-ден астам көлік компаниясы бар. Сол мекемелердің қызметін жақсарту мақсатында және де электрондық жүйемен бақылау орнату мақсатында бірқатар жұмыс атқарылады. Себебі қоғамдық көлік жүйесінің мақсатын нақты бір жүйеде қадағалау бізде осы күнге дейін болмаған. Осы мемлекеттердің озық тәжірибелерінің негізінде электрондық билет айналым жүйесін, электрондық қадағалау жүйелерін енгізуді жоспарлап отырмыз.