Оңтүстіккореялық паромның қирауы салдарынан қаза болғандардың саны өсіп барады

42 адамнан әлі хабар жоқ.

Құтқарушылар 64 каютаның 61-ін қарап шықты, егер 15-мамырға дейін жоғалған жолаушылардың мәйіттері табылмаса, құтқарушылар іздеу аясын кеңейте түседі, бірінші және екінші палубаларды қарай бастамақ.

Паром "Севоль" 16 сәуір күні қирады. Онда 476 адам болған.