Төтенше жағдайлар қызметі алдағы екі-үш тәулікте Шымкентте сынап бағамы 50 градусқа жетеді деп дабыл қағып жатыр. Әзірше аптап ыстықтың кесірінен ауруханаға түскендер жоқ. Мұндай қапырықта, әсіресе, зообақ жануарларына обал болды. Хайуанаттар бағының жұмысшылары оларға таңнан бері су бүркеп әуре. Тіпті, арыстан мен жолбарыстардың өздері сумен ойнап жүр. Мекеме қызметкерлері осындай қарапайым әдіспен жануарларды аптап ыстықтан қорғап қаламыз дейді.
Латифша Әлиев, Шымкент зообағы директорының орынбасары:
-Біз аңдарды күніге екі рет, үш рет шомылдырамыз шлангпен. Ал аюлардың өздерінің бассейндері бар. Бассейнді аптасына бір рет ауыстырсақ, қазір 2-3 рет ауыстырамыз.
Loading...