Оңтүстікте дауыл 300-ден аса ғимараттың шатырын жұлып кетті

Қазіргі таңға тұрғын үйлерге, мектептер мен балабақшалар, емханалар мен коммерциялық нысандарға зиян келгені белгілі болды. Екпіні секундына 25-30 метрге жеткен жел ағаш және электр бағаналарды құлатқан. Бір ғана Отырар ауданында 100 шақты үйдің шатыры ұшып, 4 мектеп пен 1 балабақшаға шығын келген.

Оқиға орнына аттанған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, аудан әкімдері мен облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Александр Путейко жүр. Өңір басшыс жеке тұрғын үй шығындарын тіркеуге алып, халыққа барынша жағдай жасауды тапсырды.