Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Отырар.
Облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың төрағалығымен облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті. Жиналыста жеке үй салуға арналған жер учаскелерін беру үшін алаңшаларды дайындау мәселесі көтерілді.
Жақып Құттыбекұлы үйге жер учаскелерін беруге лайықты алқаптарды таңдау, инфрақұрылым жүргізуге нақты жобаларды дайындау, жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімінен тез арада жер алуға аса мұқтаждарды, мүгедектерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды т.б. топтарға бөле отырып талдау жүргізу жұмыстары басты назарда тұрғанын айтты.
Жиын соңында Жақып Құттыбекұлы аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындауды тапсырды. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 145 мыңнан аса азамат жер кезегінде тұр.