Оңтүстіктен Солтүстікке үлкен көш басталғалы жатыр

Солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдары азайып барады. Негізінен бұл Ресейге қоныс аударып жатқандардың артуымен байланысты. 2050 жылға қарай мұндағы халық саны тағы 1 миллионға қысқаруы мүмкін. Ал оңтүстікте керісінше өсім қарқыны күшті. Алдағы 20 жылда адам саны бұл өңірде 5 миллионға артады деп есептепті мамандар. Сондықтан солтүстік облыстарға барып жұмыс істейтіндерге мемлекет қолдау көрсетпекші.  Барлық жол шығынын көтеріп, жалға берілетін тұрғын үйлерден пәтер де  алып бермек. Сондай-ақ, солтүстіктектегі университеттер мен колледждерге оқуға түскісі келетін жастарға  грант көп бөлінетін болады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Дегенмен ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, ақша береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз. 

Loading...