Оңтүстіктің аты лимонмен шығуы мүмкін

Кәсіпкерлік мектебінің 30-дан астам түлегіне үлгі болған азамат Серғазы Бекмұрат 10 жылдан бері лимон өсірумен облыста жалғыз өзі айналысып жүр. Асқан төзімділікті қажет ететін істің табысты екенін жасырмайды. Сондықтан кәсіптен нәсіп табамын деушілерге кәсіпкерлік мектебінде сабақ өтіп, тәжірибеде көрсетіп, өзімен әріптес болуға шақырып жүр.

 «Біздің Отанымызға 15 мың тоннадан 20 мың тоннаға дейін цитрус өнімдері жетпейді екен. Статистикамен алып қарасаңыз, соның 99 пайызы шеттен келеді. Қытай, Түркия, Марокко, тіпті, мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттерден. Олардың бағасы өте қымбат. Ал сапасы сын көтермейді», - дейді кәсіпкер Серғазы Бекмұрат.

Шеберлік сабағынан болашақ бизнесмендер лимонды баптаудың түрлі жолдары мен пайдасын білді. Ендігі іс бизнесмен боламын деген әрбір тұлғаның қалауына байланысты.