Оңтүстіктің кей өңірлерінде 30 наурызда -13 градусқа дейін аяз түседі

Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 13 градусқа, күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстарында да кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23 м/с болып, таулы өткелдерде екпіні 30 м/с-дан асады.  Ауаның температурасы түнде 3-8 градус аязға төмендейді.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіліп, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман,  желдің күшейуі күтіледі. Бұл туралы Қазгидометке сілтеме жасап, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Алматы облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын, көктайғақ, жел 17-22, екпіні 25 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 18-23, екпіні 30 м/с жоғары болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  жел шаңды дауылмен 17-22, кей жерлерінде екпіні 28 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман , күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғып, жолдарда көктайғақ болады.