Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райының қолайлы болуының арқасында 27 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі астық егетін өңірлерде Қазақстанда 13 млн га жуық алқап немесе 75%-ы жиналды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алда – майлы дақылдарды жинау жүргізілуде.
Өнімді кептіру агрегаттары үшін арзандатылған дизель отыны мен сұйытылған газды тиеп, жөнелту және 4-сыныпты арпа мен бидайдың бағасы – жедел штаб отырысында қаралған негізгі мәселелер болды.
4-5 сыныпты бидай жинауды ұлғайту перспективасын ескере отырып, шаруалар осы астықтың форвардтық сатып алу бағасын мүмкіндігінше ерте жариялауды сұрап отыр. Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына келесі аптада форвардтық сатып алу бағасын жариялауды тапсырды.
Негізгі астық егетін өңірлерге астық кептіру агрегаттарының жұмысы үшін арзан бағада сұйытылған газ жеткізу басталды. Өнімді жинап, кептіруге қажетті дизель отынын тиеп жөнелту жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Күзде топыраққа енгізу үшін қажетті минералды тыңайтқыштарды жөнелту барысы жеке қарастырылды. Жалпы жоспардың 84%-ында жөнелту төмен қарқынмен жүріп жатқан өңірлер бар. Вице-премьер шаруалар тыңайтқыштарды уақытында қолдану үшін жұмыс үдерісін жеделдетуді тапсырды.