«Мен "бізге балаларды қайда апару керектігін айтудың қажеті жоқ" деп айтқанымда пандемия кезінде Екібастұзға ерекше қажеттіліктері бар балаларды стоматологиялық емдеуге апарудың қажеті жоқ екенін айттым. Екібастұз қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар госпиталі ретінде қайта жабдықталды. Сондықтан балаларды қауіп-қатерге душар етуге құқығым болған жоқ еді. Павлодарда № 1 қалалық аурухананың жанында осындай балаларға стоматологиялық көмек ұйымдастырылған, - деп түсіндірді Гүлнар Буратаева.
Тәртіптік жазаға байланысты кеңес мүшелерінің пікірлері екіге бөлінді. Нәтижесінде көпшілік дауыспен "ескертуге" тоқтады.