Онлайн автомектеп: ІІМ ескерту жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жүргізушілерді даярлау тек лицензиясы бар авто-мектептерде жүргізілуге тиіс және оқу бағдарламасы толық көлемде, оның ішінде міндетті практикалық сабақтармен өтуі қажет. Министрлік онлайн форматта көлік басқару дағдыларын меңгеру және бекіту мүмкін емес екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ІІМ авто-мектепті аяқтағаннан кейін куәлікті қағаз түрінде алу талап етілмейтінін түсіндірді: оқу курсынан өткені туралы деректер электрон ақпараттық жүйелер арқылы мамандандырылған ХҚКО-ларға автомат түрде жолданады.

Министрлік болашақ жүргізушілерді оқуға жауапкершілікпен қарауға шақырып, білім мен практикалық дағдылардың сапасы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін ескертті.