Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Әділетті Қазақстанды” әділдікті талап еткенде ғана құра аламыз!
Қорқудың қажеті жоқ!
“Оңтүстікте еден жуатындардың өзінен пара алады” деген жаман атты жою үшін қоғам бақылау мен талапты күшейту керек!
“Бізде бәрі ашық, конкурс арқылы” деп басшылар жоғарыға жалған есеп береді.
Алайда іс жүзіне келгенде бәрі басқаша!
Түркістан облысы №1 Перинаталдық орталық байқау кеңесінің шешімімен, конкурс арқылы жеңіп шыққан Қарлығаш Ортайқызын
денсаулық сақтау басқарма басшысы Байдуалиев тағайындамай қойған.
Бұндай кезде Түркістан облысының Антикор қызметкерлері бірден дабыл қағып, Денсаулық басқарма басшысы Байдуалиевті бірден сұрақ жауапқа алу керек.
Заңға сәйкес, ашық конкурстан өткен маманды неге тағайындамадыңыз, Байдуалиев мырза? Әлде аталған кадр ыңғайсыз немесе тиімсіз болып тұр ма?
Біз сыбайластық пен жемқорлықты тек ұранмен емес, іспен де дәлелдеу керекпіз!", - деп жазды заңгер.