Біраз адам "спортта біз Өзбекстаннан қалып қойдық" деп жазып жатыр екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Статистикаға қарасақ, Өзбекстан бізден осымен үшінші Олимпиада қатарынан озып отыр:
2016 жылғы Рио Олимпиадасы:
ҚАЗАҚСТАН - 2 "алтын" (бокс және жүзуден)
ӨЗБЕКСТАН - 4 "алтын" (3-і бокстан, 1-і ауыр атлетикадан).
2020 жылғы Токио Олимпиадасы:
ҚАЗАҚСТАН - 0 "алтын"
ӨЗБЕКСТАН - 3 "алтын" (бокс, таэквондо және ауыр атлетикадан)
2024 жылғы Париж Олимпиадасы:
ҚАЗАҚСТАН - 1 "алтын"
ӨЗБЕКСТАН - 8 "алтын"
Оңтүстіктегі көршіміз бізді спорттан артта қалдырғанына 10 шақты жыл болып қалды. Біздің спорттың құлдырауы кеше-бүгін жіберген қателіктің салдары емес, мәселе анағұрлым тереңде жатыр.
"Өзбекстан бізден озып кетті деген пікірді күн тәртібіне шығарғысы келетіндерді де байқадым. Көршіміз байып жатса, қуанайық", - деді Оңғар Қабден.
Бірақ шын мәнінде Өзбекстан экономикалық тұрғыда Қазақстаннан озды ма? Мынандай статистика бар. Екі елдің арасындағы өзара сауда 4,4 миллиард долларды құрайды. Соның 3,1 миллиард доллары біздің Өзбекстанға экспортымыз.
Ал Орталық Азия елдеріндегі 11 миллиард доллар өзара сауданың 8 миллиарды Қазақстанға тиесілі. Ішкі жалпы өнім, жан басына шаққандағы ішкі өнім туралы айтпасақ та белгілі. Мұның бәрі нені білдіреді? Әлбетте, Қазақстанның өңірдегі жетекші рөлін көрсетеді.
"Сондықтан жоқтан өзгені сөз қылып, Өзбекстаннан қалып кеттік деген әңгімені қою керек. Рас, медаль кестесінде өз ағамыз алымызда тұр. Бұл өкінетін емес, қуанатын нәтиже. Себебі Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан жетістікке жетіп жатса, бұл түркілердің жеңісі. Меніңше, Олимпиададағы түркі ағайындарымызға қуана білсек, бұл – қоғамның есейгенінің белгісі", - деді журналист.