“Оны аяп кеттім”: Әнші Динара Әлжан казинода ұтылып қалған Қайрат Нұртасқа көлігін бергенін айтты

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Казиноға Кентал деген әншімен бірге бардым. "Бірдеңе болып жатыр досыма, барып келе қояйықшы" деді. Барсақ Кайрат Нұртас отыр екен. Көңіл-күйі жоқ. Кофе ішіп отыр, казиноға ұтылып қалыпты. Содан ол менен көлігімді сұрады. "Динарка, көлігіңді бере тұршы", - деді. Бірақ ертеңіне қойып берем, үстінен екі мың доллар берем деді. Қатты қиналды ол", - деді әнші. 

Әнші келесі күні Қайрат Нұртастың көлігін қайтарып бергенін айтып берді.


"Халықтың баласының сондай жерде көргеннен кейін бе, оны аяп кеттіп. Бірақ келесі күні Қайрат хабарласып, көлігімді қайтарды. Бірақ, екі мың долларын алған жоқпын", - деді әнші Динара Әлжан.