“Оны дәріптеудің қажеті жоқ, қазақтар”: Алуа Қонарова ресейлік белсенді Навальный туралы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Оны дәріптеудің қажеті жоқ, қазақтар. Билікке қол жеткізгісі келетін кезекті адам. Ол елде әлі көптеген ұрпақ өзгере қоймайды", - деп жазды Алуа Қонарова.

Естеріңізге салсақ, кеше ғана Алексей Навальныйдың деректі фильмі "Oscar" әлемдік киножүлдесінде "ең үздік деректі фильм" номинациясын жеңіп алған болатын.