”Оны құшақтап, бақытты бол дегім келеді” - Баян Алагөзова Дана Орманбаева туралы

Бұл туралы ол “Din Dina show” бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен оны құшақтап, “Дана, бақытты бол” дегім келеді. “Шынымен жай ғана бақытты бол” дегім келеді. Ондай ашулы болуды қой. Шындықты іздеме, шындық жоқ. Әркімнің өз шындығы бар. Оның үстіне ол шындықтың саған еш қатысы жоқ болса”, - деді продюсер.

Естеріңізге салсақ, Дана Орманбаева Алагөзовамен болған жанжалға байланысты Caravan.kz порталының тілшісіне сұхбат берген еді.