“Оның неге сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты”: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова туралы

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Сен үшін жасағанымның түкіруіңе енді жол бермеймін. КешYou 20 жылдық деректі фильмінің 3 бөлімін күтіңіздер! Мен фильмде оның беделін ақтап, барынша жақсы етіп көрсетуге тырысып жүргенімде, ол біржақты шешім қабылдап, концертке қатыспаймын деп шешіп шығарыпты. Оның қандай сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты”, - деді Алагөзова.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова “КешYou” тобының 20 жылдық концертіне қатысудан бас тартқан еді.

”Кешьюдің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын.

Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім”, - деп жазды әнші.

Сондай-ақ, әнші “қисынсыз шоуда емес, сапаға құрылған өнер кешінде кездесуді” ұсынды.

”Менің өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымдарға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз.

Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым!

Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік”, - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.