"Оның жүрегі жоқ": Прокурор жарыссөзде Абайдың сөзін оқыды

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Прокурор Айжан Аймағанова бірінші болып сөз алып, оқиғаға қатысты деректерді оқып берді.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы министр, еліміздің бет-бейнесі, өз ісіне екі есе жауапты болуы керек екенін айтты.

«Бишімбаев – жоғары білімді, шетелде білім алған, ауқатты отбасында дүниеге келген, бұрынғы Экономика министрі. Еліміздің бет-бейнесі. Ол кемсітушілікке лайық емес, сонымен қатар ол өз әрекеті үшін екі есе жауапты болуы керек», - деді прокурор.