Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында TALK LIKE бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бағдарламада Аман Тасыған "Маска" шоуындағы жайтқа тоқталды.
A.Z ол кезде "Осы жобаға келіп, өнер көрсеткен себебім қабырғама келіп, бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп", - деп еді.
"Оның бәрі шоу ғой, өтірік", - деп ағынан ақтарылды ол бағдарлама барысында.
A.Z әнші Ерке Есмаханмен қалай танысқанын әңгімеледі.
"Ол менің өлең жазып бергенімді қалады. Сол мәселемен кездестік. Өзі сондай қыз ғой, әзілдейтін. Әңгімеміз жарасып кетті. Аузымыз жабылмай, сөйтіп, баурап алды ғой", - дейді ол.
Және ол Ерке Есмаханға ғашық болғанын растады.
"Соңғы рет кездеспедік. Екі жаққа кеттік. Айырыламыз деп кеткен жоқпыз. Жай ғана кеттік те айырылысып кеттік. Сол кезде иә, ғашық болдым, жүрдім", - деді.
Өнер иесі Ерке мен Раймның қарым-қатынасын қалай қабылдағанын да айтты.
"Ерке менен айырылып қалды (күліп). Жоқ, мен ешкімнен айырылмадым. Өмір солай ғой. Бақытты болсын, күшті болсын деп қабылдадым. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өзінің өмірін сүреді, әр адам өзі біледі. Бақытты болса болды. Бір-бірін тауып, жақсы болып жатса, қуанамын. Неге біреудің қуанышы үшін қуанбасқа? Өмір бақи болғанын қалаймын (екеуі бірге - еск.)", - дейді ол.