"Онысы несі?": Егде жастағы еркек сахнада Айгүл Иманбаеваның шашын жұлып алды

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Видеода расында да бір ер адамның әншінің шашын қасақана жұлып, орап-орап қалтасына салып жатқанын байқауға болады.

"Ойлаңыздаршы достар! Осылай халықтың арасында ән айтып жатырсыз. Кенеттен артыңыздан бір кісі келіп шашыңызды жұлып алып, қалтасына салса. Видеоны мұқият қараңыздаршы, мына кісіні танитындарыңыз бар ма? Қандай оймен жұлды екен? Сөзім жоқ!

Шырайлы Шымкент бұл азаматтарыңыздың қылығы өте ұят болды.",- деп жазды инстаграм әлеуметтік желісінде әншінің жанкүйерлер парақшасы.

Келеңсіз оқиғаны әркім әр түрлі топшылды. Біреулер ырымдап алды десе, енді біреулер қастық шығар, әлде ауру ма деп сұрақ қойды.

Мұны көрген оқырмандарда ер азаматтың әрекетін түсіне алмады.

"Қызық екен мұнысы несі?","Ойбааай аға ұялмайсыз ба?","Дуалайын деп жатқан болар","Өте қызық оқиға екен","Ағаның түрі қорқынышты ғой","Немне бәле тағы?","Шашы өзінікі ма тексеріп жатқан шығар","Жабайы болып кеттік пе немене?",- деп пікірлерін қарша боратты.