Ақпарат көзінің хабарлауынша, қарыз 5 жыл жеңілдікті қайтару кезеңі бар 20 жыл мерзімге берілген. Қаражат "Кую - Мазар" насос станциясын қайта жөндеуден өткізу үшін құралдар мен қосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалатын болады. Жобаның жалпы құны 18,5 млн АҚШ доллары, жүзеге асу мерзімі - 3 жыл.
Өзбекстан үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін 25 мелиорациялық-ирригациялық жобаларды жүзеге асыру үшін 1,177 млрд шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отыр.
Мелиорациялық жұмыстарды қаржыландыру үшін өткен жылдың қазан айында Өзбекстан президентінің жарлығымен Қаржы министрлігінің жанынан жер суғаруды жақсарту қоры құрылған болатын, деп көрсетілген хабарламада.