Қайырымдылық шарасын «Дегдар» қоры GTI компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. Пианист Тимур Орманшеев пен баритон дауыстың иегері Азамат Жылтыркөзов майдангерлер мен тыл ардагерлеріне жақсы таныс. Өйткені осы үйлесімді жұп пен олардың сүйемелдеушілері еліміздің үлкенді-кішілі қалаларын аралап, концерт өткізіп жүргендеріне 6-шы жыл. Рухани азықпен қоса, қариялардың үйлеріне түрлі дәмнен тұратын себеттер де үлестірілді. Осы уақыт ішінде 4 жарым мың қартқа көмек көрсетілген.
Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері&:
-Қазақ классикасын, орыс классикасын, шетел классикалық өнердің «ең» деген , керемет деген туындыларын орындап, көрерменге паш етуге келіп отырған әртістерміз. Рудный қаласына тағы келер ойымыз бар тағы концерттермен, жеке концерттермен.
Loading...