http://tengrinews.kz/tv/, www.astanaopera.kz сайттарынан көрсетіледі.
Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаға «Астана Опера» театрының солисі Салтанат Ахметова қатысып жатқанын естеріңізіге сала кетейік. Қазақстандықтар отандасына 7375 номеріне «1» санын жазып, SMS арқылы дауыс бере алады. Бағдарлама басталғанға дейін әр көрерменнен ең көбі 30 хат қабылданады.
«Большая опера» жобасының үшінші маусымының финалы П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өтеді. Жеңімпаздың есімі тікелей эфирде жарияланады.
Салтанат Ахметованың қанжығасында Бибігүл Төлегенованың, М. Глинка атындағы Villa in canto (Италия) сияқты бірнеше республикалық және халықаралық конкурстардың жүлделері бар.
Бір жыл бұрын «Астана Опера» әншісі Алманияда өткен Neue Stimmen халықаралық конкурсында Klassik-Herbst Forderpreis арнайы сыйлығын иеленді.