Оппозиционерлердің бір тобы Франция президентіне Әблязовке қатысты өтініш жасады

онда олар президент Франсуа Олландтан ұсталған БТА Банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің РФ немесе Украинаға экстрадияланбауын өтінуде.

Бас консулдыққа өтінішті Марат Жанұзақов, Бақытжан Төреғожина және Жасарал Қуанышалин, өткізді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі. Өздерімен бірге олар Әблязовтың картон макетін әкеп оны дипломатиялық өкілдіктің қасына қойды.

"Біз бас консулға Ресей мен Украина адам құқы туралы заңдар сақталмайтын елдер, деп түсіндірдік. Онда оны қинауы ықтимал, яғни оның өміріне, денсаулығына қауіп төнуі мүмкін", деді Ж.Қуанышалин.

Оның айтуынша, Франция президентіне арналған хатқа көп адам қол қойған, бірақ ол нақты санын айтпады.

Алдында хабарланғандай, 9-қаңтарда Францияның оңтүстігінде Экс-ан-Прованс қаласында апелляциялық сот Ресей не Украина билігіне қазақстандық БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовті беру туралы француз прокуратурасының арызын қанағаттандырған.

Сот қаулысында атап өтілгендей, Ресейге экстрадициялау басымдық нұсқа ретінде саналып отыр.


М.Әблязовтың қорғаушысы бұл шешімнің үстінен арызданбақ.

Бұрынғы қазақстандық банкир 2013 жылы 31-шілде күні Украина аумағындағы банкке қатысты қылмысы үшін-мыс, ұсталған. Франция соты кепілдікке шығару туралы М.Әблязовтің өтінішін бірнеше рет қайтарған болатын.

М.Әблязов Францияда Киев соты берген халықаралық ордер негізінде ұсталған.

Қазақстан оған жалпы алғанда 6 млрд доллар сомаға қаржылық бұзушылықтар жасады, деп айып тағып отыр.

Банкирдің қорғаушылары ол Ресей, не Украинаға экстрадицияланған жағдайда артынан Қазақстанға экстрадицияланады, деп қауіптенуде.