Оппозиция жетекшілері рұқсатсыз митинг өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды



Сот отырыстары Алматы қалалық ауданаралық арнаулы әкімшілік сотында өтті.
Рұқсатсыз митинг өткізгені үшін Төлен Тоқтасынов пен Болат Әбілов 50 айлық есептік көрсеткіш, Гүлжан Ерғалиева 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ал рұқсатсыз өткізілген митингіге белсене қатысқаны үшін Ораз Жандосовқа 20, Әміржан Қосановқа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жүктелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8-қазанда қоғамдық бірлестіктердің жекелеген жақтастары Қазақстан-Ұлыбритания техникалық университеті ғимаратының жанында рұқсатсыз митинг өткізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті