Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2- мамырда "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбаев және Болат Әбіловтың қатысуымен өткізілген облыстық құрылтай конференциясын ереуілшілер өткізбей тастады. Күндізгі сағат 12-де конференция өтуге тиіс "Турист" қонақүйіне екі автобус келіп жеткен. Автобуспен келген жастар шабуылға көшіп, күзетшілерді жапырып ішке өткен. Ереуілшілер оппозиция мүшелеріне ыдыс-аяқ, жиҺаз, тас немесе таяқ сынды заттарды лақтыра бастаған. Соның салдарынан "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының жетекшілері оқиға орнынан қашып шығуға мәжбүр болады.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, ашуы қатты тобырдың шабуылы салдарынан қозғалыс жетекшілерімен бірге жүрген кейбір адамдар түрлі дәрежелі жарақат алып, кейбіреулеріне шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуге тура келген.