Оппозициялық блоктың жетекшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясына өзін президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы өтініш берді



"Қажетті құжаттарды түгелдей тапсырдық, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ешбір сұрақ болған жоқ",- деді Ж.Тұяқбай журналистерге берген сұхбатында.
Бұл - ҚР Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткерлерден келіп түскен тіркеу туралы екінші өтініш. Бұған дейін комиссия сенат депутаты Уәлихан Қайсаровтың өтінішін қабылдаған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс ҚР президентінің кезекті сайлауы 4-желтоқсанда өтеді деп жариялады. Сайлауды өткізуге қатысты негізгі шаралардың жоспарына сәйкес, президенттіктен үміткерлерді тіркеу 3-қазанда, яғни, сайлау басталардан екі ай бұрын аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті