Оппозициялық газет өкілдері Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрімен кездеседі

Оның айтуынша, кездесу жоспар бойынша бүгін өтеді және де Қазақстандағы оппозициялық баспалардағы жағдайларды айқындауға тиіс. Г. Ерғалиеваның хабарлауынша, "Свобода слова" газетіне қатысты негізсіз қуғын-сүргін жүргізіліп жатқандықтын өзі министрге жүгінуге мәжбүр болған.

Атап айтқанда, 30-қазанда осы уақытқа дейін газетті басып шағарып тұрған баспахана ешқандай ескертусіз және түсіндірусіз редакциямен жасаған келісімдерін бұзған. Қазіргі уақытта кезекті нөмірдің шығуына қауіп төніп тұр, себебі оның айтуынша, екі күннен бері 30 және 31-қазанда ол газеттің кезекті тиражын басып шығару үшін Алматыдағы 5 ірі баспаханаға жүгінген, бірақ барлық жерде бас тартқан.

Осы күні редакцияға салық қызметінің қызметкерлері келіп, тексеру жүргізу туралы ұйғарымды ұсынған. Осыдан кейін екі сағат өтісімен редакцияға қалалық қаржы полициясының қызметкерлері келіп - "ресми ұйғарымсыз оларды ауызша айыптаған", олардың айтуыша редакция салық заңын бұзып отыр, деп хабарлады Г. Ерғалиева. Ол мұның бәрін "біздің газетімізге республика бойынша шектеу" деп атады.

Сонымен қатар, "Взгляд.kz", "Республика. Деловое обозрение. Дубль 2" және "ТасЖарган" сияқты тағы үш оппозициялық газеттің басылымына да қауіп төніп тұр, деп санайды осы басылымдардың қызметкерлері. Бірінші екі газет редакцияларына да қаржы полициясы мен салық қызметінің қызметкерлері келіп кеткен, олар қаржылық-шаруашылық құжаттамаларды, редакциялық компьютерлердің жүйелі блоктарын тәркілеп, ғимаратты жаппақ болған.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың пайымдауынша, осы баспалардың барлығын жалғыз нәрсе біріктіреді: олар тәуелсіз ақпараттық саясат жүргізеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті