Оппозициялық қоғамдық социал-демократиялық партия Қазақстан президентінің сайлауына қатысу мәселесі туралы мәлімдеме жасады

Оппозициялық қоғамдық социал-демократиялық партия жуық күндері съезд өткізбек, онда мерзімнен бұрын өткізілетін президенттік сайлауға қатысу мәселесін шешетін болады.


"Алдағы он күннің ішінде съезд өткізбекпіз, онда партияның сайлауға қатысуы туралы мәселе шешілетін болады. Қатысамыз деп шешсек,үміткер туралы да мәселені шешетін боламыз”, деді "Интерфакс-Қазақстанға" аталмыш партияның баспасөз хатшысы Максим Андрюшин.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26-сәуіріне белгіленген.