Оқ ату сайысы бойынша Қазақстан құрамасы Гуанчжоудағы Азиа ойындарында күміс және қола медальдарды жеңіп алды

Оқ ату сайысы бойынша дара санаттағы күміс медальды Юрий Мельситов қанжығасына байлады. Командалық есепте Юрий Мельситов, Игорь Перикеев және Александр Ермаков Қазақстан құрамасына жетінші қола медаль әкелді.

Сонымен, Қазақстан құрамасы әзірге екі күміс және жеті қола медальға ие. Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 10 орында тұр.