Кәрі әйелдер үйіндегі(дом для престарелых дам ) тіршілік іш пыстырардай. Сондықтан осында тұрып жатқан Милла есімді бір кемпір тыныштықты бұзып, дүр сілкіндірердей оқиға жасамақ болды. Сәл ойланған соң ол көпшілік отырған бөлмеде жұрттың арасынан тыр жалаңаш жүгіріп өтпек болады. ақыры соны істеп тынды. Шұлық тоқып отырған бір кемпір қасындағы құрбысынан:
- Сен байқамадың ба, әлгі біздің қасымыздан зу етіп өте шыққан Милла секілді ғой?
- Иә, расында да соған ұқсайды, - деді көршісі.
- Ол үстіне не киген екен, мен байқамай қалдым?
- Мен де анықтап көре алмай қалдым, әйтеуір өтектелмеген мыржым-тыржым бірдеңе...
* * *
Аяқ ауруы және адам жасы
Дәрігерге бір адам аяғым ауырады деген шағыммен келеді. Ары-бері тексеріп қарап шыққан дәрігер:
- Сіздің аяғыңыздың ауруы жасыңыздың егде тартқанына байланысты, яғни қартайғандықтың белгісі,- деді.
- Сіз кімді ақымақ еткіңіз келіп тұр! Бір аяғым екінші аяғымнан кәрі емес шығар!..
* * *
Еске алу
Бірде дін қызметшісіне шіркеуге келген әйел былай депті:
- Бір жексенбіде шіркеудегі уағызға баруға ерініп қалып қойдым. Енді бірде мен бағбанмен ұрсысып қалдым. Ал енді бірде мен енемді үйден бір аптаға қуып шыққан болатынмын.
- Сіз бұл күнәларыңыз жөнінде өткен жексенбіде айтқан едіңіз ғой. Оны құдай кешсін деп дұға да жасап қойдым. Ендеше несіне оны тағы да қайталап отырсыз?
- Иә, айтқан болатынмын. Қайталап жатқаным - қайта-қайта есіме алу маған қатты ұнайды...
* * *
Өсиет
Өлім аузында жаны шыққалы жатқан бір өте бай адам мұрагер баласын шақырып алып былай деді:
- Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде тұрғанда, балам, саған ең басты құпиямды ашпақпын. Мені әрдайым жетістікке жеткізген басты-басты екі нәрсені есіңнен шығарушы болма. Біріншіден, егер сен біреуге уәде берген болсаң, уәдеңде тұр. Қаншалықты сен үшін қиын болса да әділ бол, әрі берген антыңды орында. Бұл менің басты қағидам болатын. Өзімнің барлық ісімді осыған негіздедім, сондықтан да үнемі жетістікке жетіп отырдым. Ал екіншісі, ешқашан ешкімге уәде етпе!...
Аударған: ЖҮРСІН Кәрім