ОҚО әкімі Шымкентті топырақ қала деп атады


Бұл туралы Rgmedia.kz хабарлады.

«Шымкент, Шымқала, жасыл қала! Жасылдықтан біз айырылып бара жатырмыз. Шымқалада емес топырақ қалада отырған сияқтымыз. Айналамыздың барлығы бір қабатты үйлер, тек дуал, қорғандар, сұр шатырлар, топырақ түстес үйлердің қабырғалары. Мен шынымды айтсам Шымкент қаласында жұмыс істеп отырғанымды сезінбеймін. Жұмысқа келіп, 16-қабаттан әрі қараймын – сұр көрініс, бері қараймын – сұр көрініс» деді ОҚО әкімі.