ОҚО Алматы -Ташкент жол трассасы жабылды

"Жымбыл облысының жол полициясының өтініші бойынша, Тұрар Рысқұлов поселкесінен "Высокое" жол бекетіне дейінгі 30 шақырымдық Алматы -Ташкент жол учаскесінде көлік қозғалысына тосқауыл қойылды ", - деп хабарлайды ТЖ департаментіндегілер.

"Жол қызметі жолдарды қардан тазалап үлгере алмағандықтан, жамбылдықтар осындай өтініштерін жеткізген ", - деп атап кетті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері айтқанындай, ОҚО Созақ ауданында Таскөмірсай асуында және Бәйдібек ауданында - Одаман бұлақ асуында қозғалыс тоқтатылды.

Бүгінде облыс бойынша ауа райы өте қолайсыз, қар жауып, желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетуде. Барлық қызметтерге күн райының бұзылатындығы ескертілді.