Осыған дейін хабарланғандай, Арыс қалалық соты Арыс мәслихатының хатшысы Әбілқасым Жарымбетті мемлекет мүлкін талан -таражға салып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылға соттаған болатын.
Аппеляциялық шағымнан кейін облыстық сот "Қызмет бабын асыра пайдалану" бабы бойынша айыпты алып тастап, істі қайта қарауға жіберді.
А. Жарымбет қамаудан босатылды. Таяуда ол журналистермен кездесіп, оған қарсы іс қасақана ұйымдастырылғанын айтты. Оның пікірінше, бұған аудан әкімін сайлау кезінде ықпалды адамдардың тапсырмасын орындаудан бас тартқаны себеп. "Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін, өйткені бұл істі біреулер алдын-ала ойластырған. Мен мұнда аудан әкімін сайлаудан кейін түстім. Біреу менен кек алмақшы",-деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті