Caravan Logo

ОҚО автожолдар департаментінің басшысына 68 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ОҚО автожолдар департаментінің басшысына 68 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді


стік Қазақстан облысында автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары Сейдуалиев жер телімдерінің шынайы бағасын көбейту арқылы бюджеттік қаражаттан 68 миллион теңге көлемінде қымқырған.Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының шенеунігі "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомагистралін салу барысында бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды мемлекеттік қызметтер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. "Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары Сейдуалиевке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол "Strike and Co" ЖШС басшысымен бірлесіп, жер телімдерінің шынайы бағасын көбейту арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомагистралін салу үшін жер сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражаттан 68 миллион теңге көлемінде қымқырған", — деп хабарлайды ведомство. Дәл осындай қылмыстар Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында әшкереленді.