ОҚО басшылары 2-ші ЖЭО абоненттерін жылумен тұрақты түрде қамтамасыз ете алмаймыз дейді

1-ші және 2-ші ЖЭО абоненттерін жылумен қамтамасыз ете алмаудың себебі- қондырғыларды дер кезінде қайта дайындықтан өтпеуі және ескі қондырғылардың техникалық жақтан сын көтермеуінде,-деді И.Әбішев. "Мысалы 2-ші ЖЭО-да күрделі жөндеу желтоқсанның 12-інде аяқталады да, апат 14 желтоқсанда болады. Апатпен үш күн алысты,-деп атап өтті ол. Әбішевтің айтуынша, қазіргі кезде 2-ші ЖЭО-да төрт қазандық жұмыс істеп тұр. Ал ондағы судың температурасы 61 градусты көрсетуде. Алайда оның қалыпты деңгейі 65 градус болуы тиіс. "2-ші мен 3-ші қазандықтар онша ескі болмағанымен де қай уақытта болса да істен шығуы мүмкін.Сондықтан біз онда 3-ші ЖЭО мамандарын ұстап отырмыз",-деп түсіндірді ол.

Облыс әкімінің 1-ші орынбасары барлық ЖЭО-ында отын қажетті мөлшерде деді. Алайда тарифтердің төмендігі қиындық туғызып отыр дейді ол. "Мысалы, 3-ші ЖЭО тұтынушылардан есеп жинағы айына 125 млн теңге болса, отынға олар 300 млн теңге жұмсайды. Бұл дегеніңіз қып-қызыл шығынға бату,-дейді Әбішев. Оның айтуынша жылу өндірушілер тарифті көтеруден бас тартқаны үшін монополияға қарсы ведомствоның үстінен сотқа шағымданған. "Біз тарифтің көтерілуіне міндетті түрде қол жеткізбекпіз. Жағдайы төмендерге бюждеттен көмек көрсетеміз, ал қалғандары жылуға қажетті бағаны төлеулері қажет,- деді ол.

Әбішевтің айтуынша, 3-ші ЖЭО Шымкенттің әкімшілік меншігіне өткенінен кейін жетекшілік жылу орталығына 272 млн теңге аударған.

Әкімшіліктің ұсынған деректеріне қарағанда қазіргі кезде Шымкенттегі 1687 тұрғын үйдің 1681 жылу жүйесіне қосылған. Тек "Нұрсат" шағын ауданындағы алты коттедж ғана қосылмай отыр. Өйткені онда ешкім тұрмайды. Ал өзге үш көп қабатты тұрғын үй ондағы жылу жүйесінің істен шығуына байланысты қосылмаған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Шымкентте қарашаның екінші жартысында күрт суық түседі. Ал жылу "Нұрсат" шағын ауданы мен 2-ші ЖЭО абоненттеріне келмей қалады. Мектептер мен ауруханаларлдағы суыққа қарап санэпидбақылау департаменті бірқатар білім беру мекемелерін жабу туралы мәселе көтерген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті