ОҚО билік өкілдері тұрғындардың көмір тапшылығын шешуде

"Төтенше жағдайды алдын алу үшін, облыс әкімшілігі "Шұбаркөл көмір" АҚ президенті Т. Ақбаевқа тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық "Кентауэнерго" ЖШС кәсіпорынмен қосымша 200 мың тонна көмір жеткізу жөнінде келісім -шартқа қол қою туралы ұсыныстарын жіберген болатын. Үкіметтің араласуымен келімге қол қойылды ", - деді И. Әбішев.

Облыс әкімі орынбасарының ақпараты бойынша, облыс бойынша көмірге деген сұраныс 681,705 мың тонна болса, 530,505 мың немесе 77,8 % ғана дайындалған. "Тоғыз айда Шұбаркөлден жөнелтілген көмір былтырғымен салыстырғанда 76 мың тоннаға аз. Басты себептерінің бірі- вагондардың жетіспеушілігі. Шілдеден қазан айына дейін облысқа 4524 вагон жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанджа 209- ға кем " деп хабарлады И. Әбішев.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары атап өткеніндей, " суық басаталғаннан кейін, отынсыз қалған тұрғындар арасында күңкіл әңгіме көбеюде. Жеке кәсіпкерлер тапшылықты пайдаланып, облыс қалалары мен аудандарға жеткізіп отырған көмірдің сату бағасын бірнеше есеге шарықтатып жіберген.

Әкімшіліктің деректері бойынша, Шұбаркөлде тас көмірдің бір тоннасы 1240 теңгеге сатылып, Шымкент стансасана дейін жеткізу бағасы 3300 теңге болды. Ал Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек, Төлеби және басқа аудандарындағы көмір бағасы 9-12 мың теңгені құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті