ОҚО бұрын басталған құрылыстар аяқталмай жаңа нысандар тұрғызылмайды -облыс әкімі

Облыс әкімі Нұрғали Әшімов Шымкентте биылғы жылы құрылыстары аяқталуы тиіс бірқатар насандарды аралап қайтты. Н. Әшімов олардың басым бөлігі тапсырылу мерзімдеріне дейін аяқталмайтынына көз жеткізді.

Мәселен, қан орталығы биылғы жылдың қазан айында тапсырылуы тиіс, алайда, қазірдің өзінде оның құрылысы кем дегенде екі айға артта қалып отыр.

Бас мердігер болып отырған "А-Спецстрой" ЖШС басшыларының айтуынша, оған себеп қыс бойы ауа температурасының төмен болуынан екі ай бойы бетон қоспасын дайындауға мүмкіндік болмады. Тұра осындай түсініктемелерді "Нұрсат " ықшам ауданындағы медициналық құралдарды зарарсыздандыру орталығын салынып жатқан құрылысшылар да берді.

Алайда облыс әкімі олардың дәлелдерін қабылдамады. "Құрылысшылар бұл екі ай үшін жауап беретін боласыздар. Сіздер келісім шартқа қол қойдыңыздар, сондықтан бетонды қайдан болса да табуларыңыз керек еді", - деді ол.

Жаңа перзентхана құрылысы да 4 айға артта қалып отыр. Шымкенттегі Темірлан шоссесі бойында тұрғызылатын ең үлкен мешіт те биылғы жылы тапсырылуы керек. Алайда қазір оның тек қазандығы ғана қазылған. Қаржы жағынан туындап отырған ешқандай мәселе жоқ, өйткені оның құрылысын Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдері қаржыландырып отыр.

Тапсыру уақыты бойынша бұрынғы машина жасау сарайының күрделі жөндеу жұмыстары да кешіктіріліп отыр. Оның орнына опера және балет театры болуы керек. Қаржының тапшылығынан құрылысшылар биылғы жылдың орнына оны 2010 жылы тапсыруға уәде беріп отыр.

"Бұлардың бәрін тапсырамыз деп онда неге уәдені береді?" - деді Н. Әшімов. Барлық нысандарды аралап қайтқан облыс басшысы биылғы жылы жаңа құрылыстарды бастамау туралы шешім қабылдады. "Қазір облыс бойынша жеті аурухана салынбаған. Биылғы жылы барлық мәселелерді шешіп, сосын ғана жаңа жобаларға кірісу керек. Биылғы жыл әсіресе қиын. Біз өзіміздің мойнымызға сондай-ақ, су тасқынына ұшыраған аудандардың инфрақұрылымдарын қалпына келтіру міндеттерін жүктедік. Бұл тағы да 2 млрд теңге ", - деп атап өтті Н. Әшімов.