ОҚО денсаулық сақтау департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Бүгін ОҚО әкімінің бұйрығымен Ә. Маймақов облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті ауруханаларда балалар арасында тараған ВИЧ індетін жою үшін облысқа жіберілген Вячеслав Дудник атқарды. Облыстық баспасөз қызметінің ақпараты бойынша В. Дудник басқа жұмысқа ауысуына орай бұл қызметтен босатылды.

"Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы үлкен жұмыс атқарды. Біз ОҚО медицинасын жаңарту бағытындағы жұмыстарын жалғастыратын боламыз", - деді Ә. Маймақов таныстыру кезінде.

Ә. Маймақов кейінгі кезде ОҚО денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары болған. Ал оған дейін ол Шымкент және облыстағы түрлі медициналық мекемелерді басқарған.